Құттықтау – тілек: Туған күн (Енеме, енешім) | Qazbrand.info

Құрметті Аяулы, Ардақты, Өтттее ақкөңіл, келіндеріне зияны жоқ Аппақ енем! Сізді бүгінгі туылған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Деніңізге саулық, отбасыңызға, көз қуаныштарыңызға амандық берсін, ісіңізге береке берсін! Аллахым папа екеуіңізге екі дүниенің бақытын, шаттығын берсін! Ұрпағымызбен, əулетімізбен үлгілі ,Тоқболат елінің тобырын топқа , бəйгесін атқа қосып, ер- азаматтарымызды таққа отырғызуды, ағайын- туысқанмен ауызбіршілігіміз артқан, ынтымағымыз жарасқан салихалы отбасы болуды нəсіп етсін! Енешім əрдайым біздің кемшілігімізді кешіріп, қателігімізді түзеп, отбасымыздың түтінінің түзу жағылуы сіздің арқаңыз😘! Өзімнің жіберген қателіктерімнің көптігі қанша болса мен сізге соны еселеп жақсылықпен қайтарамын деп, күнде дұғада болдым. Алла бəрін көруші, естуші. Мені сізбен түзей бастады, жақындастырды, сізге деген махаббатымды ашты. Мен сізді жақсы көремін. Алтындай,асықтай ұл туып бергеніңізге, біз сияқты бір үйдің қыздарын келін етіп, өсіп, өніп, көбейіп, басымызды біріктіріп жүргеніңізге Аллаға сансыз шүкір! Ауырмаңыз! Құтты болсын жап- жаңа 56 жасыңыз! Келінің жаман болса ұлыңнан көр- демекші, осы жолдасымның əке- шешесі, бауырларына деген ерекше бауырмалдығының, құрметінің арқасында ғана Жақсы келін, жақсы əйел болады екенсің. Жалпы, кез- келген келін келген жерінің ата- анасымен, бауырларымен, ағайын- туысымен жақсы мəміледе болса ғана сыйың бар, сыйлы келін ата-анасың.
Өмірдің әр қырынан іздеп арай,
Бақыт құсы самғасын Сізге қарай.
Алпыстың асуынан еркін асып,
Сәтті қадам басыңыз жүзге қарай!
Қазақта асыл сөз бар «ене» деген,
Бұл сөздің қасиетін терең білген.
Ботасы, құлыны да торпағы да,
Енесіне əрдайым еркелеген.

Үйге түскен келінді бекер айтпайды-
«Енесінің топрағынан жаралған»- деп.
Тəлім- тəрбиені енеден көру міндет,
Сондықтан да енемен келін əрдайым дос болу керек.
Ене деген екінші анаң еркелейтін,
Кейде түсініп, кейде өзіңді түсінбейтін.
Бір ұрпақтын ұйытқысы ене деген.
Сондықтан да келіңдері иіліп сəлем берген!
Енелеп кейде сынап, ұрасады,
Бірақ келін көңілге алып тырысады.
Енемен, келін бір жақ болып ту тіксе,
Үйде береке-ырыстың орны толады!
Құттықтау - тілек: Туған күн (Енеме, енешім)
Балалардың панасы,
Ақыл-ойдың парасы.
Тәрбиенің бастауы,
Аман жүрші,енешім!

Адамзаттың бар ұрпағын таратқан
Әр ісімді өткізетін сараптан.
Қарызымды қайтарайын там-тұмдап
Ауыртпашы, бақ бере гөр,Жаратқан!
Келін болып түсіп едім жасымнан,
Сипадыңыз бақыт тілеп басымнан.
Менен кейін үш келінге ана боп,
Әулет болдық мерейі бір тасыған.

Құтты болсын келген туған күніңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Немерелер қызығына бөленіп,
Аман-есен ортамызда жүріңіз.

Ешқашан мойымай қиындыққа,
Бола білдіңіз бұл өмірде төзімді.
Денсаулығың мықты болсын, жан ана,
Ұл-қыздарың құттықтайды өзіңді.



© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау