Құттықтау – тілек: Туған күн (Гүлжан апай) | Qazbrand.info

Гүлжан Мейірханқызы туған күніңізбен

Гүлжан апай туған күнің ол бүгін
қуанышқа толы болсын әр күнің,
денсаулығың мықты болып қашанда
қуанышты жүріңіз ші бір өзің.

Қанатыңыз әрқашанда талмасын
абыройың көкке тағы самғасын,
аман болып отбасыңыз қашанда
Аллам өзі бір өзіңді сақтасын.

Оқытып жүр баламызды апайым
білім беріп тәрбиелеп әрдайым,
еңбегіңіз көкке шырқап қашанда
болмасыншы сізде мүлде еш уайым.

Оңай емес ұстаз деген мамандық
жасай көрме ұстазыңа жамандық,
оңай емес білім беру ұстазға
ұстаздарға тілейік біз амандық.

Ұстаздары баламыздың Гүлжандай
жетелеп жүр әр баланы құлатпай,
білім беріп баламызға апайым
ұшырып жүр көкке ұшқан сұңқардай.

Оқушыңның жемістерін көріңіз
балалардың қуанышы болыңыз,
әр баланы жақсы көріп бәрінде
сыйлы ұстаз болып өзі жүріңіз.

Аман болсын әрқашанда басыңыз
құттықтаймыз ата-ана бәріміз,
сыйлы болып арамызда әрқашан
уайымсыз ұзақ өмір сүріңіз.

Тілеймін мен бақыт сізге әрқашан
жайыңыз сіз бүгін үлкен дастархан,
туған туыс ағайын бар келетін
туысқандай туысың жоқ жайдарман!!!

Ерік Еренғазыұлы



© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау