Қазақша құттықтау – тілек: 5 Қазан – Ұстаздар (Мұғалімдер) күні (Шәкірт ұстазына) | Qazbrand.info

Дейді солай әкеміз:
«Ұстазыңды ұлықта!».
Дейді солай анамыз:
«Сыйлауды әр кез ұмытпа!».

Берген білім бұлағын,
Оятқан әр күніңді.
Мерекеңіз, мұғалім,
Құтты болсын бүгінгі!

Жүздік нұрлы кемеде,
Білім жолдың бәрі – күн.
Сізден алдық өнеге,
Сізден алдық тағылым.

Ізгіліктің қандайын,
Осы жолдан тапқаным.
Дейсіз бізге әрдайым:
«Әр шәкіртім – мақтаным!»

Көріп соның жемісін,
Жаныңыз да нұрланған.
Еткен еңбек ел үшін
Қол бұлғасын шыңдардан!

Ұялайсыз зейінге,
Тілекшіміз бәріміз.
Шәкіртке әр кез сүйін де,
Тек құрмет көріңіз!

Дейді солай әкем де:
«Ұстаз күнін ұлықта!».
Дейді солай анам да:
«Құттықтауды ұмытпа!».

Дейді солай бәрі де
Ұстаз берер тағылым.
Адамдардың бәріне
Сіңірген деп тәлімін.

Үлгі тұтқан білімді,
Тербеп жанның құштарын.
Мерекеңіз бүгінгі
Құтты болсын, ұстазым!
Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы



© Дереккөзі