Қазақша құттықтау – тілек: Байланыс және ақпарат қызметкерлері (тілшілер, журналистер) күні | Qazbrand.info

Ақпарат майданында иықтаса, қатар шайқасып жүрген жауынгер әріптестерімізді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Қаламыздан қасиет кетпесін. Шабытымыздың шыңына ұшқан құс жетпесін, қадірлі қаламдастар! Тәуелсіздікті ту етіп, табысқа бірге жетейік!
Жаңалықтың жаршысы,
Өзгеден ерек бар тұсы.
Қорғаны халық-тілшілер,
Асықтың түссін алшысы.
Керемет көңіл тілеймін,
Соқпасын басқа дүлей күн.
Ақпарат-көлдің айдыны
Мекені болсын жыр-үйдің.

21 ғасыр сіздің уақытпа,
Ақпараттар теңесіп тұр жақұтқа.
Жарғақ құлақ жастық тимей жүгірер
Елі үшін сыйламақ та тақұт та.
Аспаныңыз ашық болсын арайлы,
Алтын күнде ақ көңілмен қарайды.
Саулық, бақыт, талап, табыс тілеймін,
Нағыз тілші қаһарманға жарайды.

Құрметті журналистер!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықаймыз!

Жазарларыңыз көп, қаламдарыңыз қуатты, сөздеріңіз өтімді, еңбектеріңіз жемісті болсын! Шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз!
Уважаемые журналисты!
Поздравляем вас с профессиональным праздником!

Желаем вам как можно больше интересных инфоповодов, ярких заголовков, творческих успехов и неиссякаемого вдохновения!



© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау