Қазақша Құттықтау – тілек: Туған күн | Qazbrand.info

Тек осылай шын қуаныш тасқындар,
Қалауы осы – сендер үшін достың бар.
Құтты болсын шаттық туған күндерің!
Жастарыңа тағы бір жас қостыңдар.

Тілек осы айтылатын жүректен,
Айта жатар өзгелер де ретпен.
Дәл осыдан қаншама жыл..
Дүниеге
Бұл қос перзент анасынан «шыр» еткен.

Отбасына егілді деп бақ-шыбық,
Ата-анасы көрсетпеді тапшылық.
Туған күннің иелері, сендерге
Мына өмірде келсін барлық жақсылық!

Ата-анаға ұрпақ болып жалғандың,
Бақыт болып туа берсін алдан күн!
Мақсаттарың орындалып өмірде,
Бағынсыншы биік шыңы арманның!

Осы күннің қуанышын тапқандар,
Күте берсін сендерді алдан ақ таңдар!
Алдағы өмір жетіңдер де мұратқа,
Ата-ананың ақ үмітін ақтаңдар!

Әрдайым да ашық болсын аспаның!
Тек тілекші болып тұрсын достарың!
Туған күнің туған күнге жалғасып,
Жастарыңа қосылсыншы жастарың!
Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы



© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау