Қазақша Құттықтау – тілек: 26 Қазан – Жүргізуші күні | Qazbrand.info

Темір тұлпар құлағында ойнаған,
Талай жолды еңсерумен тойлаған.
Жүргізуші ағай батыр, жігерлі,
Жолдарыңыз ашық болсын жайнаған.

Елге қосқан үлесіңіз қаншама,
Жүргізуші ешқашанда шаршама.
Жеткізіп бар керекті алыстан,
Бар адамнан тек алғысты арқала.

Жүйрік болсын мінген темір тұлпарың,
Тоқтамастан зуылдасын сұңғарың.
Талай елді, талай жерді аралап,
Әрқашан да орындалсын арманың.



© Дереккөзі