Қазақша Құттықтау – тілек: Үйлену той (Жеңге) | Qazbrand.info

Келін көп бүгін,
Кемел боп көңіл тасуда,
Өрімдей жастар аттанды өмір-асуға.
Ананың күткен таңы да атты арайлап,
Ағайын-туған тілегін аппақ қосуда.

Құдалардың да
Қадамы құтты болса екен,
Заманың тыныш,
Еліңе ырыс толса екен.
Аға мен жеңгең жас шаңыраққа тілекші,
Бақ құсы келіп осынау үйге қонса екен.

Бақыттың құсын
Қолыңа, қалқам, қондырдың,
Шаттықтан шалқып шадыман болып мен жүрмін.
Біреудің ол да әлпешпен өскен баласы,
Балалығыңды байсалдыққа жеңдіргін.

Көркем ұл едің
Көріне білгін биіктен,
Өркенім едің,
Біріңді – бірің сүйіп пе ең?
Әкенің мейірін,
Ананың төсін иіткен!
Көтеріп қайным бүгін нардың жүгін,
өзінің тапқан екен жар-жұлдызын.
Гүл болып жайнай берсін әр көктемің,
Жеміске толы болсын әрбір күзің.

Шуағын,
Төге берсін,
Тәңір нұрын.
Жарыңа сен де сыйла жанның нұрын.
Үйіңе үбір-шүбір,
Ұл-қыз толып,
Басыңа бақ сыйласын қалыңдығың.



© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау