Қазақша Құттықтау – тілек: 15 Қараша – Қаржыгерлер (Ұлттық валюта) күні | Qazbrand.info

Бүгін. 15 қарашада, экономиканың қаржы секторының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі – Қаржыгерлер күнін тойлау үстінде. Осы күнді таңдау кездейсоқ емес және бұл күн өзіміздің ұлттық валютамыз – теңгенің 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға енуімен байланысты.
Адамзат кез-келген жұмыстың, әр мамандықтың абыройлы екендігін және де адамның өз жұмысына қаншалықты жауапкершілікпен қарап, қаншалықты ынта-жігермен жұмыс істейтініне байланысты болатынын әрқашан мойындап отырған. Барлық кәсіп өздігінше ерекше және маңызды. Әр кәсіптің өзінің жұмыс айрықшылығы, өзінің қайталанбас тарихы, өз құндылығы және өз батырлары бар. Әрине, дерлік әр кәсіптің өзінің ерекше аталып өтетін мерекелі күні- өзінің кәсіби мерекесі де бар!
Біздің кәсіби мерекеміз – Қаржыгерлер күні және ұлттық валюта күні ең ыстық құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
Сіздерге жұмыстарыңыздың келешекте де Қазақстан экономик асының қаржы әлеуетін дамытуға және күшейтуге, және де кәсіпкерлік секторының қаржы жағынан ырысты-берекелі болуына мүмкіндік туғызуға бағытталуына тілектеспіз .
Дендеріңіздің сау, еңбектеріңіздің жемісті болып, қаржылық қызметте тұрақтылық пен жаңа белестерге жетулеріңізге жүрекжарды тілегімізді білдіреміз!
Мамандық бар қаржыгер,
Арналған соған бар жігер.
Есеп-қисап қиынын,
Өткерген бастан жан білер.
Құтты болсын мейрамың,
Ақ тілекті жинадым.
Денсаулық, бақыт тілеумен,
Бір өлең саған сыйладым.



© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау