«Ас – адамның арқауы»,
Аспазшы апай біледі.
Дәмді етіп бар қауымды
Ас-ауқат беріп жүреді.
Еңбегі оның еленер,
Алғысты алып әр күні.
Гүлге де құшақ бөленер,
Құттықтап мейрам барлығы.
Бақытың тасып, ырыс боп,
Шаттықты қайғы жеңбесін.
Орнасын басқа тыныштық,
Қолың да дертті көрмесін.
Арманыңыз көп болсын,
Орындалар барлығы.
Бар жұмысшы тоқ болсын,
Айналып сізді бақ нұры.
Аспазшы үлкен мамандық,
Тамағы тілді үйірген.
Сыйлайтын жанға денсаулық,
Өнерді түйген түйіннен.
Қолыңыздан тараған,
Керемет дәм мен көңіл-күй.
Бақ, байлық сізге тілесін,
Дәм татқан сізден әрбір үй.
© Дереккөзі