60 жасқақа карай аяндап
Асықпай кетіп барамын.
Алдымнан туған әр күнді,
Алтынға мен баладым.
Адасқанга ас тосып,
Асқанга тостым Алланы.
Шөлдегенге су беріп,
Сыйладым үлкен баланы.
Алыста жүріп, ауылдың
Дәм – тұзын биік ұстадым.
Салтымды, әдет- ғұрпымды
Ұрпақ үшін жинадым.
Аяулы әпкемізді 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтаймыз!
Сіз осынау саналы ғұмырыңызда жездемізге адал жар, ұл-қыздарыңызға аяулы ана, немерелеріңізге сүйікті әже бола білдіңіз.
Ата – бабамыздан қалған қара шаңыраққа Қаратаудай қорғансыз.
Інілеріңіз бен сіңлілеріңізге Алатаудай қамқорсыз.
Қадірлі әпке! Алдыңыздағы алпыстың асуындай шаршап – шалдықпаңыз!
Жетпісті желіп, сексенді секіріп, тоқсанға тоқтамай, жүзге жетіңіз!
Ағайын-туыстарыңыз бен бауырларыңыздың құрметіне бөленіп, отбасыңыздың ортасында толған айдай жарқырап отыра беріңіз!
Сол үшін де Сізге Аллаһ тағаламыз зор денсаулық бергей!
© Дереккөзі