Қазақша Құттықтау – тілек: Туған күн (Жолдас, дос – Қырық 40 Жас) | Qazbrand.info

Беу, досым, құтты болсын қырығыңыз,
Қырықтың бақшасында қыдырыңыз.
Берері аз болмасын бес күн жалған,
Алқызыл гүлдей болсын ғұмырыңыз.

Елу мен алпыста да нар болғайсың,
Жетпіс пен сексенде де бар болғайсың.
Тоқсанның төбесіне шыққан шақта
Немере-шөберелі шал болғайсың.



© Дереккөзі