Қазақша Құттықтау – тілек: Үйлену той (Әпкеме) | Qazbrand.info

Қалықтап махаббаттың аспанда әні,
Жайылды думан-тойдың дастарханы.
Ұғынысқан жүрекпен тұр ғой бүгін,
Тағы бір жұбайлық жол басталғалы.
Сақталып салт-дәстүрім ұлтымда әлі,
Азаттықтың бесікте бұлқынды әні.
Бүгінгі той аяулы әпкеміздің,
Қалыңдық боп бақытқа ұмтылғаны.
Қосылып ақ батамен тағдырлары,
Тілеулес болды айнала жанның бәрі.
Бүгінгі той әпкені жездеміздің,
Аялап алақанға қондырғаны.
Той деген-қос жүректің атар таңы,
Жұбайлық жолда үлкеннен бата алғаны.
Бүгінгі той сезіммен екі жастың,
Бір кемеде жолаушы атанғаны.
Естіді ме олардың таң сырларын,
Деді ме екен бақыт боп қонсың жарың.
Осынау аппақ тілек-ақ сапарда,
Әпкеме деймін енді: «Жансын бағың!»
Қуаныш жүректерге құйды лебін,
Той деген шаттықты ән,күй-білерім.
Болашақ өзі тіккен ақ отауда,
Әпкеміз болсын енді сыйлы келін!
Уақыт жылжыр-дағы баяу алға,
Келер күн талай мақсат қояр алда.
Жезде,әпке сол жолда сүрінбеңдер,
Жар деген жаралған ғой аялауға.
Нұрынан қуат алып Дала-таңның,
Бір-біріңе әркезде бақ атанғын.
Ішінен шаттық күлкі үзілмесін,
Өздерің қалап тіккен ақ отаудың!
Жалғаған халықпыз ғой сан дәстүрін,
Иман-серік,сабыры-жолдас бүгін.
Жездем мен әпкеміздің осы тойы,
Тапсыншы мәңгілікке жалғастығын!



© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау