Құттықтау – тілек: Туған күн (келініме) | Qazbrand.info

Ағайынға қамқор, бауырға мейірімді, жайсаң да жайдарлы Келінімізге әлемдегі бар жақсылықты, дүниенің шуағын, өмірдің жырын, жүрегіне Алланың нұрын тілейміз. Алла жолын ақ, көңілін асқақ, жүрегін уайымсыз, арманын айқын, мақсатын жарқын етсін.
Отша лаула, сөнбегін,
Еш жамандық көрмегін.
Қосағыңмен қоса ағар,
Құтты болсын қадамың,
Келін болдың, қарағым.
Салтын ұста, ардақта,
Үлкен ата-бабаңның.
Ошақтан от кетпесін,
Үйіңнен көп кетпесін,
Адал болғын жарыңа,
Лаула, оттай, жалында!
Әумин!



© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: