Қазақша Құттықтау – тілек: Туған күн (Жолдас, Дос – Мерейтой 60 жас) | Qazbrand.info

Туған күнге Қазақша Құттықтау Тілектер жинағы, Туган кунге казакша Куттыктау Тилектер жинагы, Туған күн Алпыс 60 жас Қазақша Құттықтау - Тілек, туган кун 60 жас казакша куттыктау тилек, Туған күн Жолдас Дос 60 жас қазақша Құттықтау тілекӨмір көшін біз бірге бастап едік,
Қалыпсың сен де алпыс жасқа келіп.
Бұл күні аға болдық, ата болдық,
Киеміз кейде басқа әдемі бөрік.

Уақыт шіркін қырандай зулағанда
Сыймайтындай жүруші ек бұл ғаламда.
Жан досым, ол күндер қалды артта,
Жылжығанда білдірмей жылдар алға.

Азаматсың сен елің қадірлеген,
Әділеттің алдында сен бір берен.
Тура бидей сөз айтқан, тұрғыласым,
Ақиқаттың жолынан сені көрдім.
Сізді айтулы оқиға – 60 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіз бүкіл өміріңізді мемлекетке қызмет ету ісіне арнап, нағыз отаншылдық пен мақсаткерлік танытып, Қазақстанның жаңа толқыны үшін өнегеге айналдыңыз.

Сіздің біліміңіз, жоғары жауапкершілік пен біліктілігіңіз әріптестеріңізді тәнті етеді, Сіз олардың арасында зор беделге бөленіп отырсыз. Бүгінгі айтулы күнде Сізге зор денсаулық, баянды бақыт, ұзақ ғұмыр, сәтті істер, қажымас жігер және қызметіңізде тың табыстар тілеймін!

Шаңырағыңызда және туған-туыстарыңызда береке-бірлік, ырыс-ынтымақ бола берсін!
Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға ретінде жақсы білеміз. Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттер Сізді қатардағы құқықтанушыдан Қазақ елінің белгілі де беделді заңгері, қоғам қайраткері деңгейіне көтерді. Мемлекеттік жоғары басқару органдарында жауапты қызметтер атқардыңыз, қатарыңыздың тұрмыстық мұқтажы қат-қабат тіршілікте ұдайы назарыңызда болатынын күнделікті өмірде көріп жүрміз. Сіздің алдыңыз кең, жаныңыз жомарт, қамқор да талапшыл басшы, аяулы аға ретіндегі абзал қасиеттеріңіз тәнті етпей қоймайды, атыңызға затыңыз сай ұлағатты ұстаз, өнегесіз. Осындай еңбек пен тұрмыс тәрбиесі, жеке басыңыздың кіршіксіздігі. Өзіңіз, отбасыңыз үшін ғана емес, өзіңізбен қанаттас жүрген әріптестеріңіз, тілектес дос-жаран үшін де зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ үшін нағыз өмір мектебі екендігі даусыз.

Қадірлі……………..! Сізге осындай мерейлі күні шын көңілімізбен зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз. Қоғамымыздың иглігі, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолындағы күрделі де жауапты қызметте бұдан былай да абырой биігінен көріне беріңіз.
Бір жылда бірге туған, асыл досым,
Тойлатар алпыс жасың құтты болсын!
Кең пейілді құрдасым, Кенғазым-ай,
Ұлдарың Дәнияр, Әйтей аман болсын!

Отыз жыл бірге жүрсең, бағаланар,
Достың да, достары бар дараналар.
Немерең өсіп, өнсін, шөбере сүй,
Сабақтасса ұрпағың, бағың жанар.



© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау