Қазақша Құттықтау – тілек: Сүндет той (Ағайын, туыс) | Qazbrand.info

Мұсылман болдың қарағым,
Кәне бермен қарағын.
Шырағын жағар ұлысың
Ата менен ананың.

Таудай болып талабың,
Алтын менен күмістен
Жасалсын барлық жарағың.

Көрімдігің мінеки,
Бар ма тағы қаларың?
Қой сұрасаң – қой берем,
Тай сұрасаң – тай берем.
Зат сұрасаң – зат берем,
Ат сұрасаң – ат берем.
Батырлығың байқалса,
Сауыт берем Ақберген.
Мұратыңа жете бер,
Күнннен-күнге өсе бер.
Ұзақ болып өмірің,
Өміріңнің түйінін
Өз қолыңмен шеше бер.



© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау