Қазақша Құттықтау – тілек: Сүндет той (Нағашы) | Qazbrand.info

Қатарыңның алды бол,
Бақытты бол, малды бол.
Бақытыңа мастанып,
Бола көрме қанды қол.

Жас берсе, бірге бақ берсін,
Жарылқап тәуір нақ берсін.
Қайырыңды ел көріп,
Жомарт деген ат берсін.

Жолдарыңды оңдасын,
Қыдыр болсын жолдасың.
Қырық шілтен, Ғайып-ерен
Қорғаштап сені қолдасын.



© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау