Құттықтау – тілек: Туған күн (әріптеске, коллега) | Qazbrand.info

Сізді бүгінгі есте қаларлық ереулі мерекеңізбен – өте әдемі әрі мәнді 55 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Осындай қиын әрі қызық қызмет-міндетіңізде Сізге қасқырдың қайратын, арыстанның айбатын, жылқының сақтығын, бүркіттің қырағылығын, сондай-ақ ………… жұмысын ең жоғары дәрежеге жеткізуде табандылық пен табыс тілеймін!

Бала-шағаның, ағашыңыздың, жасыл жапырақтарыңыздың қызығын көріңіз, үрім-бұтағыңыздың аспаны ашық, дұшпаны қашық болып, оларға жаны мен тәні сұлу жандар ғашық болсын! Осы пәниде Сізге тек қана жақсылық тілеймін! Отбасыңыз берекелі болсын!
Арманның ажарында, бақыттың базарында күліп-ойнап, көпшіліктің алғысы мен құрметіне бөленіңіз. Мәңгі жастық қалпыңызды сақтап, ұзақ жасай беріңіз.

Өмірден мол тәжірибе жинақтап, жас мамандарды тәрбиелеп, еңбек жолына бағыт беріп, бізге – ұстаз, ақылшы, көмекші болып отырсыз. Осы қалпыңыздан таймай, асулардан асып, берекеңіз тасып, ата жолынан айнымай, жұбайыңызбен бірге балаларыңыздың қызығын көріңіз.

Туған күнге Қазақша Құттықтау Тілектер жинағы, Туган кунге казакша Куттыктау Тилектер жинагы, Туған күн елу бес 45 жас Қазақша Құттықтау - Тілек, туган кун 55 жас казакша куттыктау тилек, Туған күн Әріптес 55 жас қазақша Құттықтау тілекҚұтты болсын бүгін туған күніңіз,
Әріптестерге биік тұлға – ұстазсыз.
Қуанамыз өзіңізбен біз бүгін
Шықсын ылғи алдыңыздан ізгі күн.

Алғы күннен күтер әркім жақсы үміт,
Келе берсін Сізге ылғи бақ күліп.
Шаттықпенен көріп таңның арайын,
Жаратушы төксін игі жақсылық.

55 – мерейлі жас ер үшін,
Еңбегіңіз еселенсін ел үшін.
Әлі талай қызықтарға кенеліп,
Бұл өмірдің көріңіз тек жеңісін.



© Дереккөзі