Қазақша Құттықтау – тілек: Үйлену той (Дос, Жолдас) | Qazbrand.info

Бұл күні тойың боп жатыр,
Ей, асыл досым елдегі.
Мені де ортақ деп білгін,
Шаттыққа осы сендегі.

«Тілегім айтар –
Болғай да
Келіннің құтты аяғы», –
деп жатқан ұлы тойыңда
Жан досыңмын ғой баяғы!
Айтар біздік тілек – сол:
Тойың тойға жалғассын!
Ойың ойға жалғассын!
Заңғар ұл-қыз отау тіксін,
Ұрпақ көрсін – жалғассын!
Тотыдайын таранған бұл ханымның,
Аппақ қардай әже болып,
Етегіне немерелер, шөберелер жармассын!
Бұл тілектер орындалып жатқанда,
Өзің де, құрдас-досым жерде қалмассың!



© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау