Алғыс батасы

Алғыс батасы

Алғыс батасы – ақсақалдар мен беделді кісілердің аза маттардың аса игілікті істері, ерен қызметі мен ел-жұртқа көрсеткен ең бектеріне деген ризалығы əрі ықыласы. Мысалы, ондай азаматтарға:

Өмір-жасың ұзақ болсын,

Жүрген жерің шуақ болсын,

Құдай өзі қуат берсін,

Сарқылмайтын суат берсін!

Жандарыңа жамандық бермесін,

Бастарыңа қам-қайғы келмесін,

Қойын-қоныштарың ақты болсын,

Ұрпақтарың бақытты болсын! – деп алғыс баталарын жаудырса, ал кісілік, кішілік көрсетіп, қолдарына су құйып, қолтықтарынан демеп аттандырып жатқан жастарға:

Бақ-дəулетті, малды бол,

Өз құрбыңның алды бол!

Жаратқан ием жебесін,

Басыңа жамандық келмесін,

Аллаһу акбар! –деп ықылас білдіреді.