« Ана-өмірдің шырағы», тәрбие сағаты, ашық сабақтар

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы «Асанәлі» балабақшасы МКҚК психологы Жангүл Ибағұлқызы

Тақырыбы: « Ана-өмірдің шырағы»
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарымызды мерекемен құттықтау, балаларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, анаға деген құрмет сыйын арттыру, анаеңбегін қадірлей білуге үйрету.
Көрнекілігі:сиқырлы қоржын,ана туралы нақыл сөздер, гул сыйлаймын слайд,балалар салған суреттер,ән «Құлыншағым»
Тренинг бағдарламасы:
1.Аналарды құттықтау сөз.
2. «Мейірім құшағында»
3. «Сиқырлы қоржын»
4. «Дауысынан таны»
5. «Қыздарға гүл сыйла»
6. «Менің анам»
7.«Тосын сый»
8. «Қонақ кәде»

Ана. Ана тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы. Ана баланы тоғыз ай бойы көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызады.
Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!

Кұрметті аналар, арулар,ақ жаулықты әжелер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік дөңгелек үстеліміз аналар сіздерге арналады.

2. «Мейірім құшағында»
Мақсаты: жас аналарға сәбиін құшағына ала отырып,көбірек мейірімді сөздер айттыру. Баланы еркелетіп,құшақтау. (Құлыншағым.музыка)
Баланың ой-өрісін кеңейту үшін оны жиі құшақтап,еркелету керек екен.Жылы сөз бен жылы құшақты жиі сезінген бала бойларына нәр алады.Әр уақытта жылы сөз айтуға тырысыңыз.Баланың пікірін, не қажет ететінін тыңдай біліңіз.Ерік беріңіз. Шыдамды бола біліңіз.Оның ісін бағалаңыз.Жасаған қателігін біле тұра оған сенетініңізді білдіріңіз.Күлімдеп қасында бірге көңіл бөліңіз.Қатал да болыңыз,дегенмен қайырымды мейірімді болуыңыз қажет.
3. «Сиқырлы қоржын»
Аналарға қоржыннан сый алдыру. Көңіл күйлерін көтеру.
4. «Дауысынан таны»
Мақсаты: Бала мен ана арасындағы қарым –қатынасын нығайту.
Шарты: Балаларға төлдердің маскасын кигізіп дыбыстату. Ата –ана өз баласын дауысынан тануы керек.

5. «Қыздарға гүл сыйла»
Шарты: Ортада 2 қыз, екі ұл вальс билейді. Музыка тоқтап қалған кезде жүгіріп барып столдың үстінде тұрған гүлді әкеліп, билеп жатқан қызына сыйлау керек.
6.Тақырыбы: «Менің анам»
(балаларының салған суреттерін табу)
7. «Тосын сый»
Балалар аналарына арнап « мейірімді анашым» алқасын тағу.
8. «Қонақ кәде»
(Аналарға «Ана» тақырыбында бір ән орындату)
Құрметті ата – аналар!Біз сіздерді осы тамаша мерекемен тағы да құттықтаймыз,баларыңыздың тәрбиесінде мол шыдамдылық тілейміз.Өз балапандарыңызға жиі түсінушілік танытып ,махаббатыңызды білдіруден шаршамаңыз!Сәттілік тілейміз!!!