1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен халықты құттықтау

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен халықты құттықтау

Еліміздің барша тұрғындарын Қазақстан халқының достығы және бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін!

Біз – қазақстандықтармыз! Біз ортақ еңбегімізбен, бірлескен ізденісімізбен, топтасқан болмысымызбен ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасын күн санап түлетіп, күн санап өркендете түсудеміз. Біз елімізбен бірге есейіп келеміз.
Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі құтты болсын ағайын!

***

Құрметті _______дықтар!

        1 Мамыр – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күткен мейрамы.

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясының  негізін құрайтын бірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық болған жерде қашанда іс нәтижелі болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.  Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету –  әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Бейбітшілік пен тұрақтылық – жалпы халықтық игілік, оны күнбе-күнгі еңбегімізбен нығайтып, қорғауымыз қажет.

Біз осы мерекені Қазақстан халқы Ассамблеясы мерейтойлық сессиясы мен 26 сәуірде кезектен тыс Ел Президенті сайлауы өткен айтулы күндерден кейінгі жақсы көңіл-күймен қарсы алып отырмыз.

        Қымбатты жерлестер!

       Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан хал­қының достығы және бірлігі күнімен шын жү­ректен құттықтаймын!

Бұл – ынтымағы тұрмысына ырыс, татулығы бірлігіне тыныс бір­тұтас еліміздің ортақ мей­ра­мы. Олай болса, осынау ортақ шапа­ғат пен шаттықтың мерекесі елі­міз­ге құт, кө­ңілдерге қуаныш сыйласын!

Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

***