Құрметті өлең сүйер оқырман. Ғашықтар күні құтты болсын. Жұптарыңыз жазылмасын ешқашан!

 

Мұқағали Мақатаев (Махаббатым өзімде)

Жүргенде қатал тұрмыс илеуінде,

Білмеймін, сүйдім бе мен,сүймедім бе…

Жастықта жалын атып сүйсем егер ,

Түспес ем дәл мынадай күйге мүлде.

Мен нағыз махаббатты армандаймын,

Оны мен жоғалтып та алғандаймын,

Ақ қаздар арасынан аққуымды

Ажырата білмеген сормаңдаймын.

Өтінем сенен ғафу,асыл жарым,

Көрсетпе тарпаң мінез,тасынбағын.

Сен менен от іздеме,құрмет ізде,

Өртеніп жаңа-жаңа басылғамын.

Мен сені сүйдім

Мен сені сүйдім, жаныммен сүйгем,қалқам-ай,
Өзге қыздардың өзгешеліктерін байқамай
Өзіңе сай боп, өзгерем деген мақсатпен-
Жасырынамын, көріну үшін жақсы атпен
Қиналып санам, сағымдарменен сен өткен
Ұялып қалам, түсініксіз «терең» себептен.
Саған керегі шынайылығы әрбір ісімнің
Енді түсіндім, астарын асқақ «мүсіннің».

Мен сені сүйем, әлі де сүйем шаршамай,
Мендік жылумен бақытыңа қарай бар солай
Адасып кетсең, Өмір атты мына орманда
Ұмытпағайсың, жан барын жүрген армандап.
Құлыптағайсың, сезімімді жатпай жақтырып,
Ұмытсаң болат, тұңғиыққа терең лақтырып.
Онсыз да менің нем қалды дейсің қайғыдан
Саған сездірмес, сезімді жұртқа жайдырған
Үңіліп сен деп, түңіліп жүрмін өзімнен
Жеңіліп тағы, сендегі суық сезімнен.

Талай жылдарда табысып дос боп жүргесін
Сен енді менің ғұмырымменен біргесің!
Мен енді сенің тұмарым деген жарыңа
Бақыт тілермін!
…кетсе-де көкірегім жарыла…
Айта кетсең болғаны, ентігім бір күн басылар
Қайта келсең арманым, құшағым сен кеп ашылар…

© Еркасимов Азамат

 

«СҮЙМЕЙМІН»!

Сен өзгемен жүргенде «ах» ұрмадым,
Тұрды бірақ сұрақтар басымда мың.
Алма-кезек дүниені көрмеймісің,
Енді өзіңе қайтарып жатыр бәрін.

Бұрын сені күткенмін құлап-талып,
Оңашада жүргенмін жылап та алып.
Енді не деп қызғанасың, түсінбеймін?!
Кеткенімде өзіңнен жырақтанып.

Бір кездері бұрылмай кетіп едің,
Енді неге сыршылдай шешілдің-ақ?!
Қашан менің бағама жетіп едің?
Енді сені «СҮЙМЕЙМІН»! Кешір бірақ…

© Құндыз Қайратқызы

Сағыну

Қимай-қимай әр таңымды атқызамын,
Мен сені жаным күніге сағынамын.
Қанша уақыт болды өзіңді көрмегелі,
Бірге екеуміз бақытты болып махаббат жібін өрмегелі.

Осылайша күндерім сағынышпен өтіп жүр,
Сорлы менің журегім өзіңді ғана күтіп тұр.
Білмеймін, сенің күндеріңнің қалай өтіп жургенін,
Сенен басқа асылды ешқашан мен көрмедім.

Амал қанша журек менің дегеніме көнбейді,
Сенің жүрегің, менің жүрегімнің сүйетінінде білмейді.
Осылайша сені сағынып қанша жүрер екенмін?
Бірақ, сені мәңгілікке сүйетініме сенемін!

Күлімдеп қараған бейнең жанарымнан кетер емес,
Менің бұл айтқанымның бәрі бекер емес.
Сағынып сені армандап жатып күніге,
Қолымнан ұстап,аймалап сүйіп бақытты қыласың мені түсімде.

© Абдыхадыркызы Жанат Рахмышева

Сенемін махаббатқа

Сенемін махаббатқа, жүрексіз жан емеспін,
Табам деп бақытымды, қайғымен ерегестім.
Жолында өмірімнің, жолықты талай ару,
Қоспаған тағдыр шығар, кінәлі мен емеспін.

Келемін өмір сүріп, ішінде сан елестін,
Торынан ойларымның, түндері өлең естім.
Жарымды жолықтырам, кешігіп келсе дағы,
Сынасын өмір мейлі, сабырсыз жан емеспін.

© Нұржан Арыстанбеков

Бақытымсың

Қызықсыз, түссіз өміріме,
Сән берген қызыл гүлімсің.
Қараңғы суық көңіліме,
Жарық берген күнімсің.

Жайқалып өскен бағыма,
Бұралған нәзік қайыңсың.
Нұрын сепкен жаныма,
Сәулелі әсем айымсың.

Шөлдеген кезде сезімге,
Мөлдір таза бұлағымсың.
Озіңді сағынған кезімде,
Тербетер жанды жыр-әнімсің.

Жүрекке жақын өмірдегі,
Сырымды ұғар сыңарымсың.
Махаббат деген сезімдегі,
Мойыныма таққан тұмарымсың.

Арайланған сен ақ таңым,
Ең асылым, жақұтымсың.
Дүниедегі бар тапқаным,
Барлығымсың, бақытымсың.

© Нұржан Арыстанбеков

Мені ойла

Сен мені ойлайсың ба оңашада.
Қиялың шындықпенен жанаса ма.
Түндерде жастығыңа басты қойып.
Ойлайсың ба көзіңді жұма сала.

Ойла мені аспандағы айға қарап.
Жымыңдаған жұлдызды іштей санап.
Ойла мені шырмалып ой орамына,
Ойла мені бағыңа жаным балап.

Ойла мені жалғыздықтан жабыққанда.
Ойла мені жүрегің зарыққанда.
Ойла мені өзге ойдан айыққанда.
Махаббат біреу болады соны ұққанда.

© Нұржан Арыстанбеков

 

Кезікші маған махаббат

Жұлдыздар мен айға айтып сырларымды,
Махаббатқа арнап келем жырларымды.
Бал сезімнің жетегіне ере кетіп,
Ұмытыппын басқа да қырларымды.

Жүрекпенен махаббат егіз бе еді,
Көп іздеді өйткені көп іздеді.
Жүзіп келем сезімдер арасында,
Шөлдеген теңізшідей теңіздегі.

Теңізді сарқылмайтын сезім дедім,
Жағаны арманы көп өзім дедім.
Кемеге теңеп мөлдір махаббатты,
Күтумен сол кемені көз ілмедім.

Күндіз уақыт, түнде жұлдыз санай-санай,
Көзім талды теңізге қарай-қарай.
Күте-күте еһ, махаббат бір өзіңді,
Жырлар жаздым осылай талай-талай.

© Нұржан Арыстанбеков

Ілмексөз: Ғашықтар күні, Ғашықтар мерекесі, Ғашықтар айтатын өлеңдер

 

Бөлісу