Наурыз мейрамы (Шәкәрім Құдайбердіұлы)
Ұлыстың ұлы күнінде,
Бай шығады балбырап.
Қасында жас жеткіншек,
Тұлымшағы салбырап.
Келіншек шығар керіліп,
Сәукелесі саудырап.
Қыз шығады қылмиып,
Екі көзі жаудырап.
Бозбала шығар бұрқырап,
Ақбөкендей сырқырап.
Құл құтылар құрықтан,
Күң құтылар сырықтан.
Кетік ыдыс, шөміштің,
Түтіні шығар бұрқырап.
Ілмексөздер: #Наурызға арналған өлеңдер#Наурызға арналған тақпақтар#Наурызға арналған сценарилер#Наурызға арналған көріністер