Бата жаттау, қысқа баталар, бата-тілектер, бата қайыру

Бізге берген етіңіз,
Ниетінізге жетініз.
Қыл көпірден өткенде,
Құламай тіке өтіңіз!
…………………………………….
Шадияр болсын доcтасың,
Мұхаммед болсын- қостасың.
Қызыр болсын жолдасың,
Лұқпан болсын кұрдасың.
Сүрініп кеткен жеріңде,
Жеті əулие жетелеп,
Кереметімен қолдасын!
Құдай жарылқасын,
Бақ қарасын,
Қыдыр дарысын.
Айдан аман,
Жылдан есен қылып,
Үйде, түздегі
Мал-басты аман қылсын!
…………………………………
Əумин десең бізге,
Бата берелік сізге.
Жасың жетсін жүзге,
Мал мен басты,
Иман мен жасты,
Қабат бермейді екен деп,
Тəңіріден күдер үзбе!
……………………………………..
Ай МҮЙІЗДІ,
Аша тұяқтым-ай.
Жұпар иісті,
Бауырсақ құлақтым-ай.
Сенде жазық жоқ,
Бізде азық жоқ,
Ақбата, ақ тілекті қабыл ет!
……………………………….
Той-думаныңыз құтты болсын,
Бақыты зор отау болсын.
Іші жанға толсын,
Сырты малға толсын!
Бақытың дəулетіңмен таса берсін,
Дұшпаның қырдан үркіп қаша берсін.
Бата сол бізден сізге, рахмет жауып,
Құдайым маңдайыңды аща берсін!

………………………………………..

Той тойға ұлассын,
Бақыт балаға ұлассын.
Өрісіңді өрт шалмасын,
Жүрегіңді дерт шалмасын!
……………………………………..
Ұлың ұядан ұшсын,
Елін ұмытпасын.
Қызың қияға ұшсын,

Жерін ұмытпасын!
………………………………
Қайғыға болаттай берік,

Жердей төзімді бол.
…………………………..
Шаңырағыңа шаң түспесін,
Көңіліңе кірбің түспесін.
……………………………..
Аспандарың ашық,
Жұлдыздарың жарық болсын,
Абыройларың асқар таудай болсын!
…………………………………………….

Жаңа Жылың құтты болсын,
Денсаулығың мықты болсын.
Жүрегіңіз жалын болсын,
Тілегіміз қабыл болсын!
…………………………………….
Құдай берсін, кем қылмасын,
Дастарханың мол болсын,
Абыройың зор болсын.
Отбасының байлығын берсін,
Деніміздің саулығын берсін.
Көңіліміз тоқ болсын,
Уайым-қайғы жоқ болсын.
Отырғандарың үлкен тақ болсын,
Осы үйге тек бақ қонсын!
Сұрасаң бата берейін,
Ықыласпен қол жайсаң,
Үстем болсын мерейің.
Басыңа бақ орнасын,
Қызыр болсын жолдасың.
Дастарханың мол болсын,
Абыройың зор болсын.
Уа, Жаратқан, жарылқа!

Мезгілсіз келер өлімнен сақта,
Кездейсоқ келген келіннен сақта.
Дауылдың кəрінен сақта,
Жыланның зəрінен сақта,
Аяқ астынан келетін
Бəле-жаланың бəрінен сақта!
…………………………………………
Пейіліңе қонақжай,

Бата берем, қолың жай:
Ақ жарылған жұрегің,
Қабыл болсын тілегің.
Бізге сойдың қой,
Үйіңнен кетпесін той.
Қызығына қанып,
Ішпей-жемей той.
Бізге астың бас,
Берсін саған ұзақ жас.

Ауыздықтап асауды,
Асудан асуға ас!
Сыйлап бердің етіңді,

Жарылқасын бетіңді.
Енді əкелдің сорпаңды,
Орындалсын қолқаңды.

Рахмет дəміңе,
Ризалық берсін бəріңе.
Аман болып басыңыз,
Жүзге жетсін жасыңыз!
…………………………………..

Маған жаптың шапан,
Көңілде болмасын қапаң.

Маған мінгіздің ат,
Қыз ұзатып, қызығына бат!
Маған атадың жол,
Ұл өсіріп мəре-сəре бол!

Маған бердің ет,
Келін түсіріп, тілегіңе жет!

Маған бердің сауға,
Басың түспесін дауға!
Алдыма салдың мал,
Алладан рахмет ал!
……………………………………
Асың, асың, асыңа,
Береке берсін басыңа!
Бөденедей жорғалап,
Қырғауылдай қорғалап,
Қыдыр к
елсін қасыңа!
Сенен байлық өтпесін,
Тəңірі берген берекең, Тепкілесе кетпесін!
……………………………………
Адалдық берсін асыңа,
Амандық берсін басыңа.

Топқа ТҮСІП, тойлы бол,
Некер ертіп қасыңа.
Қозыларың жамырап
Қотаныңа сыймасын.
Құлындарың құлдырап,
Құла түзге сыймасын.
Келелі түйең қаптаған,
Қаратауға сыймасын.
Ақтылы қойың адалдан,
Алатауға сыймасын.
Кекалалы көп жылқың,

Кекшетауға сыймасын.
Ұл мен қызың тең есіп,
Ұлытауға сыймасын!
Бар екен деп тасыма,

Жоқ екен деп жасыма,
Еңбек етсең ерінбей,
Дəулет келер қасыңа.
Көре алмаған дұшпанның,
…………………………….
Кемеңгердің алғыр ойын берсін,
Екі дүниенің абыройын берсін!
……………………………..

Талаптымен тау астырсын,

Талантымен таластырсын.

Жамандықтан адастырсын,

Жақсылықпен жанастырсын!
……………………………….
Білімің молая берсін,
Еңбегің зорая берсін.
………………………….

Мақсаттарың айқын болсын,
Өмірлерің жарқын болсын.
Еңбек терің көшелі болсын!
……………………………….
Білімің тереңдесін,
Өнерің кемелденсін,
Жұлдызың жайнасыншы,

Табаның таймасыншы,

Дос-жарың безінбесін,
…………………………

Жарапазан батасы
Қонақтасын берекет,
Қаша берсін пəлекет.
Қиын дейді қиямет,

Жақын дейді ақырет.
Ақыретке барғанда,
Қыл көпірден аман өт!
Міне, бата, ақ ниет,
Бола берсін берекет.
Қиын дейді қиямет,

Жақын дейді ақырет,
Құлшылық қыл Аллаға,
Қыл көпірден таймай өт.
Кірсін дəулет,
Шықсын бейнет.
Алла атымен бейнет ет.

Жоқ-жітікке рақым ет.
Тəңір сені қолдасын,
Уайым-қайғы болмасын.
Қабыл болсын оразаң,
Əулетіңді оңдасын!

Ілмектер: ак бата, аман-саулық батасы, ақ бата, бата, бата беру, Бата тілек, бата тилек, батырдың батасы, бауыржан момышұлының батасы, бауыржанның батасы, жалпы бата-тілектер, жақсы сөз-жарым ырыс, жылы лебіз, жылы лебіздер, казакы бата, ОН ЕКІ МҮШЕГЕ АРНАЛҒАН БАТА, онегели создер, осиет создер, САҚТЫҚ БАТАСЫ,

Бөлісу