Адыгей және кабарды халықтарының мақал-мәтелдерінен | Qazbrand.info

Адыгей және кабарды халықтарының мақал-мәтелдерінен

Орнын таппаған орынсыз қалар
Сарқыт – сорлының сыбағасы.

Иесінің еңсесі түссе,
Аты да шаппайды.

Жүз адам мақтаған кісі,
Жүз адамға татиды.

Шапқылаған баланы көрсе,
Шалдың аяғы сырқырайды.

Молаға барған қораға қайтпас.

Өгей шеше өттен де ащы,
мұздан да суық.

Итім қаппайды деме,
Атым теппейді деме.

Ежелгі досың қас болмас,
Ежелгі қасың дос болмас.

Әзіл сөз – ақиқаттың хабаршысы.

Бір ауыл тұтас туысың болғанша,
Әр ауылда бір-бір тусың болсын.

Қорқақ қонышынан да шошиды.

Кемеңгерді күндеуші көп.

Байғұстың бұйдасын бай тоздырады.

Жылында тайлақ та бір тайраңдайды.

Алаяқтан ақылшың болмасын.

Кедейдің терісі қалың.

Ерке бұзау екі сиырды тел емер.

Адыгей халқының мақалдары кабарды елінің мақал-мәтелдері кавказ халқының мақал мәтелдері

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау