Ауған мақал-мәтелдерінен | Qazbrand.info

Ауған мақал-мәтелдерінен

Жылан арбаушының ажалы жыланнан.

Арлан қасқыр апанға тығылмас.

Тәңірім тазға тырнақ бермесін.

Ағарған шаш – ажалдың жаршысы.

Қалыңдығың сиықсыз болса,
Қайын енеңнің сұлулығынан не пайды?!

Жекжаттықтың да жібі үзіледі.

Келемеж түбі – керіс.

Тыңдаушысы жоқтың
Тіс жармағаны жөн.

Жол жолда қысқарады

Ауыз қайда, алма қайда?

Байлық – сенікі,
Балаң – елдікі.

Кезінде берген кеңес пайдалы.

Қисық қылышқа қисық қын керек.

Бұқаның екеуі сүзіссе,
Бұтаның нешеуі қирайды?

Бітпес іс бар,
Бітпес күш жоқ.

Орақ ұстағанмен (яғни егіншімен) ұрыспа.

Айылын тарта алмайтынға ат беріпті.

Жетім бала жылауық.

Отарында қойынан иті көп.

Бидай түбі күні диірменге бір соғады.

Шақырылған жүз қонаққа бәрі бар,
Өзі келген жалғызға не бұйырар…

Үлде мен бүлдеге оранған жаяудан өгіз мінген артық.


Ауған мақал-мәтелдерінен Қазақша мақал – мәтелдер жинағы

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау