Ашанти, Әмхара мақал-мәтелдерінен | Qazbrand.info

Ашанти мақал-мәтелдерінен.

Отыз жыл қисық өскен ағаш бір жылда түзелмейді.

Қоқаңдаған қораз қырғи барын ұмытады.

Дәрігер біреу үшін дәрі ішпейді.

Құл қожаны таңдамайды,
Қожа құлды таңдайды.

Әмхара мақал-мәтелдерінен

Қолбасы қорқақпен кеңеспес болар.

Әркім үйім үлкейер деп үміттенер.

Ақшаң барда аспаннан да жол табылар.

Дертін жасырғанға дару жоқ.

Бағы тайғаннан барша жұрт безеді.

Бастықтың өтініші де – бұйрық.

Отын бар да от өшпес.

Ніл дариясын көрмеген бұлаққа да таң қалады.

Байдың ұлы қалада,
Бейбақтың ұлы далада.

Күн көрінсе құс сайрайды.

Тоқсанға келген тың болмас.

Ақылдының қатесін тере берсең, асқар тау болар.

Қисайған ауызды қырық дәрімен сыласаң да түзелмейді.

Жат жердегі адам ауыздықтаулы аттай.

Қасқа баста қайызғақ болмайды.

Аласадан құлаған ақсамас.


Мақал-мәтелдер жұмбақтар мақал-мәтелдер достық туралы мақал-мәтелдер денсаулық туралы

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау