Бенгал мақал-мәтелдерінен | Qazbrand.info

Бенгал мақал-мәтелдерінен

Бас тастан берік емес.

Тебен боп кіріп, түрен боп шығады.

Уақыт уысыңда тұрмайды.

Аққудың арасындағы аққұтандай.

Тас су астында жатса да шірімейді.

Ұсақ шабақ үйірімен жүреді.

Молла мешітінен ұзамайды.

Тентек бала теректің басында ажалға тап болады.

Әуелі қазы болды,
Содан соң қажы болды,
Ақыры алаяқтың өзі болды.

Ұстазы мақау,
Шәкірті саңырау.

Батпаққа батқан пілді піл ғана шығарады.

Мыңғырған малы бардың мысығы да маңғаз.

Бір ауыл төредей күтеді.
Бір ауыл түбіттей түтеді.

Қылдырықтай құмырсқаның құдықтай ауызын-ай!

Алтын сырыққа қонақтаған ала қарға.

Дәу ағашты дауыл көбірек сілкілейді.

Жалғыз ұл – әкесіне әмірші.

Тоғай өртегенімен түбірі қалады.

Тышқан сорлы соқыр мысық бар дегенге сенбейді.

Қол қысқалықтан құдайдың берген мінезі де өзгереді.

Қорыққаннан құмырсқаның илеуіне тығылған.

Құда боп барып, күйеу боп қайтқан қу.

Асқар тау шықса алдынан,
Піл айырылар арынан.

Жан тыныштығын жарымес те біледі.

Ашыққан не жемейді,
Ашынған не демейді?!


Бенгал мақал-мәтелдерінен мақал мәтел шет елдің шет ел мақал мәтелдері бенгал халқының қанатты сөздері

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау