Еңбек пен кәсіп туралы мақал мәтелдер | Qazbrand.info

Еңбек пен кәсіп туралы
Еңбек түбі – береке,
Көптің түбі – мереке.

Бейнет,
Бейнет түбі зейнет.

Еңбек етсең емерсіз.

Есің барда, етек жап.

Қайратың барда, мал тап,

Ер қадірін ер білер,
Зер қадірін зергер білер.

Кәсіп, кәсіп түбі – нәсіп.

Қатты жерге қақ тұрар,
Қайратты ерге бақ тұрар.

Еңбек қылсаң ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.

Еңбегі аздың өнбегі аз.

Рақаттың түбі кейіс,
Бейнеттің түбі кеңіс.

Жан қиналмай
Жұмыс бітпес,
Талап қылмай
Мұратқа жетпес.

Қарманған қарап қалмас.

Ер дәулеті – еңбек.

Келген дәулет,
Кеткен бейнет.

Етікті нәл сақтайды,
Жігітті әл сақтайды.

Ер еңбегіне бір түйсін.

Еңбегі ештің –
Күні кеш.

Бейнетің қатты болса,
Татқаның тәтті болар.

Кезі келсе – кетпен шап,
Майрылмаса қайрылсын.

Бейнетсіз рақат жоқ.

Қолы қимылдағанның,
Аузы қимылдар.

Еңбексіз тапқан мал
Есепсіз кетер.

Еңбегі ештің, тұзы сор.

Тек жүргенше,
Тегін істе.

Еңбегіне қарай өнбегі.

Кім еңбек етсе – сол тоқ.

Киіз кімдікі болса,
Білек соныкі.

Өзімдікі дегенде,
Өгіз қара күшім бар;
Кісінікі дегенде,
Анау-мынау ісім бар.

Ерте тұрған жігіттің ырысы артық,
Ерте тұрған әйелдің бірі ісі артық.

Көз қорқақ,
Қол батыр.

Есек көтін жу да, мал тап.

Еңбексіз іс бітпейді,
Еріншектің қолы жетпейді.

Шапқан озар,
Жатқан қалар.

Жас кезімде бейнет бер,
Қартайғанда дәулет бер.

Қайраты бар кісінің,
Берекеті бар ісінің.

Ердің атын еңбек шығарар.

Жүйесін тауып жұмыс қыл,
Жерін тауып тыныс қыл.

Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер.

Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.

Шыдамды еңбек, алғыр ой –
Анық досың білім қой.

Еңбек ет те міндет ет.

Көп еңбегі көңілді.

Күшіңе сенбе,
Ісіңе сен.

Іздеген табады,
Сұраған алады.

Өзен жағалағанның
Өзегі талмас.

Аз да болса, саз болсын.

Темірді қызған кезде соқ.

Түйменің инесіз күні жоқ.


Еңбек пен кәсіп туралы кәсіп еңбек туралы мақалдар қазақша мақал мәтел еңбек пен кәсіп

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау