Вьетнам мақал-мәтелдерінен | Qazbrand.info

Вьетнам мақал-мәтелдерінен

Ана баулыған бала епті,
Әке баулыған бала есті…

Қарны аштың құлағы бітеу.

Шамдандырсаң, ара да шағады.

Қарақшы қары қалды,
Қазірет тартып алды.

Бәленің басы байлықта.

Бай – саңырау, бек – соқыр.

Бай қарасын сатар,
Байғұс баласын сатар.

Құрыған ағаштың құрты да аш-арық.

Аспандағы шамның жарығы алысқа түседі.

Түн кезе берсең, түбі шайтанға тап боларсың.

Иыққа шақ иінағаш.

Қарға қаралығын білсе, аққуға жоламас.

Маржанның сатсаң тазасын,
Мақтаудан несін сасасың?!

Еңкілдеп күлген еңіреп жылайды.

Ашқарақ асүйден шықпайды.


Вьетнам халқының мақал мәтелдері шет ел мақалдары жер шары халықтарының мақал-мәтелдері мақал мәтел қазақша қазақша мақал мәтелдер жинағы

© Дереккөзі