Даргин мақал-мәтелдерінен | Qazbrand.info

Даргин мақал-мәтелдерінен

Мыңғырған мал – меңдеген дерт.

Сыпыра мақтаса, сыпырғышты да бай алады.

Аспандағы құсты жердегі жем ұятқа қалдырады.

Үндемеген қойды үш сауады.

Түпсіз жер болса,
Түпсіз аспан да бар.

Оң қолым да өзімдікі.
Сол қолым да өзімдікі.

Қанатсыз қалықтамас болар.

Қасқыр қараңғыны тілер.

Басың бүтінде пайымда.

Қиянат жасасаң, құмырсқа да шағады.

Есіртсең, есектік қия да секіреді.

Көрікті әйелдің көршіде болғаны жақсы.

Жалғыз жігіт жалпақ елдің атын шығарады.

Жарты жолдан қайтқанның жолы болмайды.

Арағыңды ішуге бар,
Араша түруге жоқ.


қазақ тілінде мақал мәтелдер жиынтығы барлық халықтардық мақалдары нақыл сөздер қанатты сөздер жинағы даргин мақал мәтелдері

© Дереккөзі