Жапон мақал-мәтелдерінен | Qazbrand.info

Жапон мақал-мәтелдерінен

Көргенді көгершін әке-шешесінен үш бұтақ төмен қонақтайды.

Қанжар да қайырымдылыққа қарсы сілтенбес.

Ғашықтықтан аштық күшті.

Ақшалы болса ақымақ та – төре.

Жеті рет құласаң, сегіз рет тұрасың.

Кішіпейілдік – кемеңгерліктің сәні.

Кәрі ағаш иілмейді.

Сырттан баққанның сегіз көзі бар.

Тымырайған мысық тышқанды көп ұстайды.

Алғашында адам арақты жұтады,
Екіншісінде арақты арақ жұтады,
Үшіншісінде арақ адамды жұтады.

Осал жауды қор тұтпа,
Жағалы жаудан қорықпа.

Сыйға бергенді сынамас болар.

Құдықтағы көлбақа мұхиттан бейхабар.

Құлағын басып алып қоңырау ұрлағандай.

Ит болсаң, үлкен үйдің иті бол.

Ғылымда төте жол жоқ.

У да дәрі болады.

Мақтамаса да,
Даттамасын.


Жапон мақал-мәтелдерінен әр түрлі халықтардың мақал мәтелдері шығыс халықтарының қанатты сөздері

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: