Қарға тамырлы қазақ.
Көшпелі елді ақың болса,
Көше-көше қасыңа келер.
Қазақ қартайса, түйе бағады,
Қарақалпақ қартайса, томар қазады.
Көшпелі елдің қоры болғанша,
Егінші елдің зоры бол.
Ел ұлсыз болмас,
Жер гүлсіз болмас.
Халық қатесіз сыншы.
Жаныс кетсе,
Орнына жаппас қонар.
Ел жасымен көрікті,
Тау тасымен көрікті,
Аяқ асымен көрікті.
Көп қорқытады,
Терең батырады.
Көп түкірсе көл.
Көпке тентек, құдайға шет.
Көпті сөккен көгермес.
Көпті жамандаған
Көмусіз қалар.
Көппен көрген – ұлы той.
Көптен бақыт құтылмас.
Көп алғысы көгертер.
Халық айтпайды,
Халық айтса, қалт айтпайды.
Көсеу ұзын болса, қол күймес.
Аласыға алтау аз,
Бересіге бесеу көп
Көп ісінде береке.
Ел жайлы мақал мәтелдер халық туралы мақалдар халық жайлы мәтелдер нақыл сөздер халық ел жайлы қанатты сөздер ел туралы
© Дереккөзі