Ел-халық туралы мақал мәтелдер №2 | Qazbrand.info

Ел халық туралы

Елде болса ерінге тиеді,
Ауылда болса, ауызға тиеді.

Ел алмаған елу жыл жатады.

Ел аузына елек қойып болмас.

Ел құлағы елу

Елде түлкі аштан өлмес.

Көш басшысы жоқ ел оңбайды,
Құралай бастаған киік оңбайды.

Өзбектік кигенін ал,
Қазақтың мінгенін ал.

Өзбек өз ағам.

Ел жаусыз болсам
Жер таусыз болмас.

Жері байдың – елі бай.

Адассаң елмен адас.

Отты қузаған өшірер,
Қоңсыны қузаған көшірер.

Орта жүзді қамшы беріп дауға қой.
Ұлы жүзді қауға беріп малға қой,
Кіші жүзді найза беріп жауға қой.

Қараның таққа мінгені –
Бір біріне құда түскені.

Қазақ аулы қарайлас.
Шеру соңы қарайлас.

Қазақтың осы жер дегені, көш жер.
Ақ бөкенді жатыр деме,
Кешпелі елді отыр деме.

Көшкен елдің көмеші болса,
Еру елдің ерулігі бар.

Елде бір тентек жүрмей ме.

Елу жылда ел жаңа,
Жүз жылда қазан.

Ел аузы – дуалы.

Қырықтың бірі қыдыр.

Жұтаған жұртын мақтайды.

Қара жердің қадірін
Ойда-қырда сарт білер.
Кер құланның қадірін,
Ойда-қырда қақ білер.

Екі тентек елге сыймас.
Түрікпен төрін бермес.

Ел ағасыз болмас,
Тон жағасыз болмас.

Елдестірмек елшіден,
Жауластырмақ жаушыдан.

Бүлінген елден бүлдіргі.

Тозған елді там жыяр.

Қазақтың айраны көр,
Орыстың мейрамы көп.

Қазақ байыса қатын алар,
Орыс байыса үй салар.

Орыс бар жерде қоныс бар.

Елді жерде ұры бар,
Таулы жерде бөрі бар.

Естімеген елде көп.

Иті семіз, малы арық жер азғаны,
Ынтымағы болмаса ел азғаны.

Ел көркі – мал.
Өзін көркі – тал.

Көп дауыс қосылса,
Бір дауысты жоқ қылады.

Жорғаң қатты болса, төске сал,
Ісің ақ болса, көпке сал.

Тамшыдан тама-тама дария болар.

Көпке топырақ шашпа.
Көпшіліктен береке кетпес.

Берекелі жерден мереке кетпес.

Көпке ұнаған, құдайға да ұнайды.

Құдайға жазсаң жаз,
Көпке жазба.

Шөп те болса, көп болсын.
Көп қараса, жоқ табылар.

Кеңес қылған ел азбас,
Кеңінен пішкен тон тозбас.

Көптік қайда болса –
Тоқтық сонда.

Көптің аузы – темір талқы.

Көптен қулық артылмас.

Өзім білем деген жігіттің,
Басына ойран салғаны,
Көп біледі деген жігіттің,
Басына қорған салғаны.

Ел айрылса – көбіне,
Жол айрылса – кеңінен.

Кеңесті ел – кемімес.
Көп жасағаннан сұрама,
Көп көргеннен сұра.

Көп ұнатса,
Көк тоқтыңды сойып бер.

Көпті жылатқан көп жүрмес.

Биік таудың басы болмасақ та
Баурайында тасымыз.

Сыйынғанның сүйенгенің
Күшті болсын.

Көпті сөкпе,
Кенді төкпе.

Халық қартаймайды.

Көп жүрген жер – көңілді.
Көп қайда болса, шындық сонда.

Жалғыз жүріп жол тапқанша,
Көппен бірге адас.

Көп дәнекер
Көңілді де бекітер.

Жақыны көп адам, жасқанбайды.

Бақа сисе, көлге сеп.

Екі кісі, бір кісінің тәңрісі.

Қара жерді жамандама
Қайтып сонда барарсың.
Қауым елді жамандама
Қарғысына қаларсың.

Аздың атасы бір,
Көптің батасы бір.

Бестік басы болғанша,
Алтының аяғы бол.

Жасықтың көбінен де
Асылдың азы артық.

Азды көпке қосқанның
Арманы жоқ.

Бірдің кесірі мыңға,
Мыңның кесірі түменге.

Жалғыз иттің
Үргені білінбес,
Жалғыз кісінің
Жүргені білінбес.

Жалғыздың жағы жоғалса да табылмас,
Көптің оғы жоғалса да табылар.

Жын соққаннан
Мың соққан жаман.

Көптен дәметкен,
Аздан құр қалар.

Бір де болса – бірегей.

Азды аяған, көптен құр қалар.

Өзім білем деген өлер,
Көп біледі деген күлер.


ел-халық туралы мақал-мәтелдер мақал мәтелдер ел жайлы мақалдар халық туралы нақыл сөздер елдің халықтың жағадайы туралы қанатты сөздер қазақша

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау