Жалғыздық туралы мақал мәтелдер | Qazbrand.info

Жалғыздық туралы

Жалғыздың үні шықпас,
Жаяудың шаңы шықпас.

Жалғыз жігіт би болмас,
Жалғыз ағаш үй болмас.

Жалғыз жігіт басына іс түссе,
Ақылынан адасады,
Сасқанынан қырық құмалақ алып,
Бал ашады.

Қанша жуан болса да,
Жалғыз ағаш үй болмас,
Қанша жақсы болса да,
Жалғыз жігіт би болмас.

Жалғыз кісі жауынгер емес.

Жалғыз аттың пайдасы көп,
Жалғыз жігіттің айласы көп.

Салт атты, сабау қамшылы.

Отау үй, оңаша бас.

Жалғыз атты жарыстан қалмас

Жалғыз ағаш пана болмас,
Жалғыз бие саба болмас.

Жалғыздың ісі бітпес.

Бір басқа – бір көз.

Жалғыз үйдің қарғасы боққа тоймас.

Жалғыз үйдің тамағы жетсе де,
Табағы жетпес.

Жалғыз мая қайымас,
Жалғыз жігіт байымас.

Жалғыз батып жауға жоқ,
Жалғыз жігіт дауға жоқ.

Жалғыз жаңқа жанбайды,
Жалғыздың ісі оңбайды.


жалғыздық жайлы мақал мәтелдер мақал мәтел жалғыздық жалғыздың үні шықпас жаяудың шаңы шықпас

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау