Үй іші – семьяға байланысты мақал – мәтелдер | Qazbrand.info

Үй іші – семьяға байланысты мақал – мәтелдер

Ерлі – қатынның ортасына
Есі кеткен отырар.

Ерлі – зайып – қоз өгіз.

Ерлі – қатын ұрысар да керісер,
Керісер де келісер.

Көңілсізден көзсіз бала туар.

Сұлу сұлу емес,
Сүйген сұлу.

Өзің сүйгенді алғанша
Өзіңді сүйгенді ал.

Екі жарты – бір бүтін.

Ерлі – қатын тату болса
Шырағы жанар,
Ерлі – қатын араз болса
Өмірден көңлі қалар.

Басы қаралының,
Көңілі жаралы.

Ата – анадан жар жақын,
Туысқаннан мал жақын.

Өз жарыңды жаттай күт,
Жат көрсін де түңілсін.
Бір – біріңді қадір тұт.
Жұрт үлгі алсын, үңілсін.

Әркімдікі өзіне,
Ай көрінер көзіне.

Жақсы әйел, жаман еркекті түзетер.

Екі жақсы қосылса,
Өлгенінше дос болады.
Екі жаман қосылса,
Өлгенінше өш болады.

Жас жалтаңға қашар,
Кәрі қалыңға қашар.

Атаңа не қылсаң
Алдыңа сол келер.

Ата балаға сыншы.

Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі,
Балаңды жұрт мақтаса
Бәрінен де сол сүйгі.

Ата баласының ат меңіндей
Белгісі болады.

Әкесін сыйламаған кісіні,
Баласы сыйламайды.

Ілгері басатын жасты,
Кері тартқан кәрі қайтарады..

Үлкен бастар,
Кіші қостар.

Ата баласы азарында – асық ойнайды.

Өзіңді көрген өлсе өлсін,
Атаңды көрген өлмесін.

Атадан бала туар,
Атасының жолын қуар.

Әкесі құрдастың, баласы құрдас.

Жас – кәрінің көзі
Кәрі – жастың тезі.

Атаның жаман ұлы малға ортақ,
Әрі үйлі жанға ортақ.

Әкенің жақсылығы жездедей – ақ.

Бала атадан батпан артық туады.

Жаман да болса ұрпақ қалсын –
Өз орнында отың жансын.

Өз қолыңда болмаса әкең де жат.

Баланың ұяты әкеге,
Қыз ұяты шешеге.

Ата даңқымен қыз өтер,
Мата даңқымен бөз өтер.

Екі баланың ортасындағы
Бір шал бала болады;
Екі шалдың ортасындағы
Бір бала – дана болады.


Мақал мәтел әйел туралы мақал мәтелдер үй іші отбасы туралы мақал

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау