Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері | Qazbrand.info

Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері

Ердің туы – намыс.
***
Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.
***
Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң,
Жауды күйрете алмайсың
***
Ерлік – ердің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.
***
Жауды өлтірсең – өлімнен құтылдың,
Өлтірмесең – өлімге тұтылдың.
***
Қырағының өзі де, көзі де батыр.
***
Именіп жүріп көрген игіліктен, қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.
***
Ерді ел үшін, жігітті жұрт үшін мақта.
***
Ежелден ел тілегі – ер тірегі,
Адал ұл ер боп туса – ел тілегі.
***
Екі сырттан қанға батып таласса,
Қарақұсқа жем болады.
***
Қой бастаған арыстан тобынан, арыстан бастаған қой тобы артық.
***
Айқаймен ала алмайсың,
Ақылмен, айламен алғын.
***
Айбындана шапқаннан ажал да сескенеді.
***
Екі сөзді – ер емес, серт – ер серігі.
***
Ту сыртыңнан түсірген дұшпанды торға түсір,
Өршеленген жаудың үнін өшір.
***
Сабырлылық алдында дұшпан сасады,
Сабырсыздан береке қашады.
***
Өз қадірін білмеген – ер қадірін білмейді,
Ер қадірін білмеген – ел қадірін білмейді.
***
Белдескеннің белін сындыр,
Тірескеннің тізесін бүктір.
Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,
Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.
***
Әдіссіздік – әлсіздік,
Ептілік те – ерлік.
***
Қара бет болып қашқанша,
Қайрат көрсетіп өлген артық!
***
Таяқтан тайсалмасаң,
Семсерден сескенбесең,
Жеңдім дей бер.


Нақыл сөздер мақал мәтердер Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау