Мақал мәтелдер (жалғыздық пен жарлылық) | Qazbrand.info

Жалғыздық пен жарлылық туралы мақал-мәтелдер
Құрастырған: Өтебай Тұрманжанов

Жалғыздың үні шықпас,
Жаяудың шаңы шықпас.

Жалғыз ағаш үй болмас,
Жалғыз жігіт би болмас.

Жалғыз жаңқа жанбайды,
Жалғыздың ісі оңбайды.

Жалғыз ағаш
Орман болмас.
Жалғыз кірпіш
Қорған болмас.

Жалғыздың жолы тар,
Жалшының қолы тар.

Жалғыз иттің
Үргені білінбес.
Жалғыз кісінің
Жүргені білінбес.

Жалғыз жігіт басына іс түссе,
Ақылынан адасады.
Сасқанынан қырық құмалақ алып,
Бала ашады.
Жалғыз ағаш пана болмас,
Жалғыз биеден саба толмас.

Жаудың жүрісі өнбейді,
Жалғыздың бір ісі өнбейді.

Жалғыз үйдің тамағы жетсе де,
Табағы жетпейді.

Жалғыз мая қайымас,
Жалғыз жігіт байымас.

Жалғыз батыр, жауға жоқ,
Жалғыз жігіт дауға жоқ.

Бір де болса – бірегей
Сүт бетінде кілегей.

Азды аяған, көптен құр қалар.

Жалғыздың хәлі – мүшкіл,
Дәмі – қышқыл.

Байлық мұрат емес,
Жарлылық ұят емес.

Жатқа жалшы жүргізген
Жарлылықтың салдары.
Жабағы – тай мінгізген
Жаяулықтың салдары.

«Кедеймін» десең, көшіп көр,
«Теңдеріңді» шешіп көр.

Бөлінген бүлінеді.

Жалғыздың таңы атпас,
Жалғыз үйдің иті жатпас.

Табағы таза қатынның,
Тамағы да таза.

Көңілсіз берген қымыздар
Көңілді берген шай артық.
Жапалап асқан жасықтан
Жағып жеген май артық.

Қозы қарын майым бар,
Көп сақтаған жайым бар.

Қазан асқа келмейді,
Ас қазанға келеді.

Есікте отырған,
Төрде отырғаннан дәмелі.

Асыраған пісірген көженің
Иә, қатығы жетпейді,
Иә, қасығы жетпейді.

Қырсыққанда қымыран іриді.

Ас қадірін тоқ білмес,
Ат қадірін жоқ білмес.

Қоныс көркі – тас,
Дастарқан көркі – нан.

Қарны ашқанға
Қара нан да май татыр.
Шөлдегенге
Қара су да бал татыр.

Қайғысыз – қара суға семіреді.

Қағанағы жарылған,
Уызын мақтайды.
Торсығы жарылған,
Қымызын мақтайды.

Сарымсақты жедің бе,
Сырқаты ем дедің бе?!

Нар маяның шұбаты –
Нар түйенің қуаты.

Біреудің жамбасын жесең,
Өзіңнің ұшаңды сайла.

Көже – қатығымен,
Табақ – қасығымен.

Қасықтап жинап,
Шөмішпен төкпе.

Шыбын жеп тауыспайды,
Ауру егеді.
Шымшық жеп тауыспайды,
Шашып төгеді.

Қарынның құрышы –
Қаптың бұрышы.

Отынды әйел шарпытар,
Отты тамақ жақтырар,
Жоқты «керек» таптырар.

Қымыз асын
Қыдырың ішсе де ерсі емес.

Сараң асын бермейді,
Көзінің жасын береді.

Барыңда батып іш,
Құрт, майыңды қатып іш.

Аштың көңілі ақ ұнда,
Тоқтың көңілі сағымда.

Гүл сабағымен қадірлі,
Ас табағымен жарасты.
Табақ асымен жарасты,
Кәрі жасымен жарасты.

Қарның ашса,
Қазаншының қасына отыр.

Ерке сөйлеп,
Етегін басып отыр.

Балдан тамады,
Бардан жұғады.

Жауын бар жерде
Қақтың қадірі жоқ.
Қауын бар жерде
Ақтың қадірі жоқ.

Еттің бәрі қазы болмас,
Иттің бәрі тазы болмас.

Ертеңгі асты өзің іш,
Түскі асты түстенгішпен бөліп іш,
Кешкі асты жиналып көбің іш.

Асықтың етін
Аштан өлсең де жеме.
Тобықтың етін,
Тойып отырса да тастама.

Тарысы бардың – тақаты бар,
Құрт, майы бардың – рахаты бар.
Қауыны бардың – сауыны бар,
Тірлігі бардың – тынымы бар.

Айран ішкен құтылар,
Аяқ жалаған тұтылар.

Тауы жоқ болса, тасқа қорлық.
Жеушісі жоқ болса, асқа қорлық.

Дәм мен дидар ғанибет.

Жас қымыздың қызуы түске шейін,
Желігі кешке шейін.

Таспен атқанды аспен ат.

Асты түскен кезінде жейді.
Егінді піскен кезінде орады.


Жалғыздық пен жарлылық мақал мәтелдер кедейлік Өтебай Тұрманжанов

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау