Мақал мәтелдер. Ит – жеті қазынаның бірі | Qazbrand.info

Мақал мәтелдер. Ит – жеті қазынаның бірі

Есіктен ергенек кетсе,
Иттен иба кетеді.

Жеңген ит желкесінен талайды.

Аш иіттің құйрығын
Сұқ ит жалайды.

Иттің құны – бір күшік.

Иттің басын алтын табаққа салсаң
Шоршып түсер.

Қазаннан қақпақ кетсе,
Иттен ұят кетеді.

Иттің ұлылығын бөрі есітпес.

Ит те киімге қарап үреді.

Ит аузы тигенмен
Дария суы арам болмас.

Итін жамандасаң,
Иесіне тиеді.

Ит үрген жерде ауыл бар.

Итке темір не керек?

Көп жортқан ит
Күшәлаға кездеседі.

Ит баласы жүре азар.

Ысқырған жылан шақпайды,
Үреген ит қаппайды.

Қырсыққанның иті қырын жүгіреді.

Жақсы ит өлігін көрсетпейді.

Асыранды күшік
Аузыңды жалайды.

Итті қонақ жараспас.

Ауыл итінің достығы
Сүйек тастағанша.

Сүйекпен ұрған ит қыңсыламайды.

Қойға қасқыр шапса,
Ит семіреді.

Итті иесімен қина.

Ит ұяласынан қорықпас.

Итті күшігім десең,
Аузыңды жалайды.

Ит итті жұмсайды,
Ит құйрығын жұмсайды.

Түлкі алған итте сын болмас.

Табаны қышыған ит керуенге үреді.

Ақ ит, қара ит, бәрі бір ит.

Иттің жатқан жері – төсегі.

Иттің ішіне сарымай жақпайды.

Итті тепсең – ырысыңды тебесің.

Мысық жоқта тышқан кісінейді.
Ит жоқта шошқа үреді.

Ит әлі жеткенін талар.

Ит қорыған жерге өш.

Жаман күшіктің атын
Бөрібасар қояр.

Итке үкі жараспайды.

Ит арық болса
Ауылдың намысы.


ит жеті қазынаның бірі күшік ит туралы мақал

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау