Достық туралы мақал – мәтелдер №2 | Qazbrand.info

Достық туралы мақал – мәтелдер №2

Сырты жылтыр, іші бос,
Қуыршақпен болма дос!

Доссыз өмір – тұзсыз ас,
Достық құлпын байқап аш.

Досы жоқ адам –
Тұзы жоқ тағам.

Күлме досыңа, келер басыңа.

Айырылмастай досыңа
Қайрылмастай сөз айтпа.

Асты көрсең, қадір тұт,
Досты көрсең, әділ тұт.

Тобылғылы шұбардан
Панасыз таудың несі артық?
Қадыр білмес туғаннан
Құныңды білер дос артық.

Аптада бір суға түспесең,
Тәніңді кір басады.
Аптада бір досыңмен сырласпасаң,
Жаныңды кір басады.

Ішерлік асың болсын,
Мінерлік атың болсын,
Істерлік ісің болсын,
Дос тұтқан кісің болсын.

Достың табанына кірген тікен,
Менің маңдайыма кірсін.

Мың дос көп,
Бір дос онан да көп.
Мың дос сырыңды шашады,
Бір дос мауқыңды басады.

Досыңа әзілді асырып айтсаң да,
Басынып айтпа.

Досты досқа қосқан – сауап,
Досты достан айырған – жауап…

Қорқақ жаудан басындырады,
Досты ашындырады.

Досы жоқ
Сырын кімге айтады?
Тыңдаушысы жоқ
Жырын кімге айтады?

Жаңа дос жаныңда жүргенде,
Ескі дос есіңде жүрсін.

Дос басқа
Дұшпан аяққа қарайды.

Алыстағы досыңа
Ат берсең де жарасар,
Үйіне мініп барсын деп.
Жақындағы досыңа
Хат берсең де жарасар
Ұмытса есіне салсын деп.


Достық жайлы мақал достық туралы мақал мақал достық туралы мақал мәтелдер

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау