Халық туралы мақал – мәтелдер | Qazbrand.info

Халық туралы мақал – мәтелдер

Халық сөзі қаһарлы

Аты — алаш, керегесі — ағаш.

Естімеген елде көп,
Есек мінген сартта көп.

Көлдің атын балық шығарады, балықтың атын халық шығарады.

Кім бай болам демейді, құдайы қаламайды,
Кім би болам демейді, халқы қаламайды.

Қазақ байдың ұлы болма, халық байдың ұлы бол.

Казақ байыса қатын алады,
Сарт байыса үй салады.

Қазақ қартайса түйе бағады,
Қарақалпақ қартайса томар қазады.

Қазақ мал танымас,
Сарт жай танымас.

Қазақтың айраны көп,
Орыстың мейрамы көп.

Қазақтың екі өгізі ағып жатқан суды тоқтатыпты.


Халық туралы мақал мәтелдер мақал мәтелдер

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау