Тіл туралы мақал – мәтелдер | Qazbrand.info

Тіл туралы мақал – мәтелдер

Тіл – ақылдың өлшемі

Адам тілі тас жарады,
тас жармаса бас жарады.

Аз айтып сұйылтып,
көп айтып қойылтары жоқ.

Ақынның тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік.

Ана тілім – дана тілім.

Ат жүйрігі азаптан құтқарады,
Тіл жүйрігі мазақтан құтқарады.

Ат жүйрігі айырады,
Тіл жүйрігі қайырады.

Ат жүйрігі асқа, Тіл жүйрігі басқа.


Тіл туралы мақал мәтелдер ана тілің арың бұл тілім тірегім

© Дереккөзі