Туған жер туралы мақал – мәтелдер
Аққу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
Ата қоныс — алтын мекен.
Атамекен — анаң екен,
Қысылғанда панаң екен.
Атамекен туған жер:
кір – қоңыңды жуған жер,
кіндігіңді кескен жер,
кісі болып өскен жер.
Әркімнің өз жері — Мысыр шаһары.
Әркімнің өз жері — жұмақ.
Мақал мәтелдер туған жер туралы мақал мәтелдер
© Дереккөзі