Тау туралы мақал – мәтелдер | Qazbrand.info

Тау туралы мақал – мәтелдер

Таулы жердің қыраны көп

Асқар тау алыстан көрінеді.

Асқар таудай алып бол,
Әппақ күндей жарық бол.

Асқар таудың айбыны қарыменен (Орынбай ақын).

Асқар таудың басына балапан ұшып шыға алмас
(Абыл).

Асқар таудың өлгені — басын мұнар шалғаны.
Көктегі бұлттың өлгені — аса алмай таудың қалғаны.
Ай мен күннің өлгені — еңкейіп барып батқаны.
Айдын шалқар өлгені — мұз болып тастай қатқаны.

Асқар таудың сәні жоқ көк майса белі болмаса.
Өзен, судың сәні жоқ аймақты елі болмаса (Дулат).


Тау туралы мақал мәтелдер тауды сүйем тау жақта тауға барғым келеді

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау