Сабырлық туралы мақал – мәтелдер | Qazbrand.info

Сабырлық туралы мақал – мәтелдер

Сабыр – ақыл серігі

Боларыңда болмасаң
болған елдің атын жек (Көшімбек би).

Болмастай іске болаттай бол.

Бір жылға қоян терісі де шыдайды.

Бір қолың ұрысшы болса,
Екінші қолың арашашы болсын (Қазыбек би).

Бір метр мұз бір күнде қатпайды.

Бір оқты бұлан көтереді,
Бір оқты ұлан көтереді.

Ебетейсіз асыққан сүрінер.

Жазымыштан озымыш жоқ.

Жарау кісі байқап сөйлейді,
Қарау кісі жан – жағын жайпап сөйлейді.

Жатқан тастың астына су бармайды.

Жеңілдігі қаңбақтай, ширақтығы жаңғақтай.

Жеңілдік жарға жығады.
Жеңіл желек жел шақырып тұрады.


Сабырлық туралы мақал мәтелдер мақал мәтелдер ақыл жазмыш

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау