Еңбек туралы мақал – мәтелдер | Qazbrand.info

Еңбек туралы мақал – мәтелдер

Еңбек етсең емерсің

Еңбегі аздың өнбегі аз.
Еңбегі көптің өнбегі көп.

Еңбегі ештің күні кеш, тұзы сор.

Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады.

Еңбегімен ер сыйлы,
Өнбегімен жер сыйлы.

Еңбегіне қарай — құрмет,
Жасына қарай — ізет.

Еңбегіне қарай өнбегі.

Еңбегіне қарай табысы,
Ерлігіне қарай дабысы.

Еңбегінен ел таныр.

Еңбегің болмаса елге өкпелеме,
Ықтасының болмаса желге өкпелеме.

Еңбегің егіз болса, байлығың сегіз болады.
Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады.


Еңбек туралы мақал мәтелдер мақал мәтелдер еңбек етсең емерсің еңбек етсең ерінбей

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау