Достық, жолдастық туралы мақал – мәтелдер | Qazbrand.info

Достық, жолдастық туралы мақал – мәтелдер

Дос – ажарың, жолдас базарың.

Дос — ажарың, жолдас — базарың.
Азаматпен дос бол, қадіріңді біледі.

Айрылғысы келген дос аяулыңды сұрайды.
Айрылар дос ердің артқы қасын сұрайды.

Айрылмастай досыңа қайрылмастай сөз айтпа.

Айтулы достың малы бір,
кемедегінің жаны бір.

Алыстағы досыңа ат берсең де жарасар — үйіне мініп барсын деп.
Жақындағы досыңа хат берсең де жарасар — ұмытса есіне алсын деп.

Ауыр сөз айтқан дос емес.

Босқа бергенше досқа бер.

Бір пайдадан кешкен мың кісімен дос болады.


Достық жолдастық мақал мәтелдер достық мақал мәтелдер

© Дереккөзі

Rating
( 1 , average 1 from 5 )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау