Ағаш туралы мақал – мәтелдер | Qazbrand.info

Ағаш туралы мақал – мәтелдер

Ағаш тамырынан су ішер

Ағаш айғайға құламайды.

Ағаш жапырағымен, жер топырағымен.

Ағаш кессең ұзын кес, шаба келе қысқарар.
Темір кессең қысқа кес, соға – соға ұзарар.

Ағаш қамшы көп, аттанарда бірі жоқ.

Ағаш қисығын тез түзетер,
Адам қисығын көр түзетер.

Ағаш та бір жерде көгереді.

Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.

Ағаш тамырынан су ішер.


Ағаш туралы мақал – мәтелдер мақал мәтелдер ағаш туралы мақал

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау