Диқан, егін туралы мақал – мәтелдер | Qazbrand.info

Диқан, егін туралы мақал – мәтелдер

Ексең егін ішерсің тегін

Арпа егіп, бидай орамын деме.

Бақпаса мал өспейді,
Баптамаса егін өспейді.

Берген алар, еккен орар.

Бидай күзде пісер, пайдасы сонда түсер.

Бұл атаңнан қалған арық, егін ек те бол қарық (Есей би).
Бірді сепсең жерге мыңды берер елге.

Бір жыл түт еккен кісі мың жыл гауһар тереді.

Диқан адам дән шашар, ел – жұртына нан шашар.

Диқан бабаның кетпенінен Шопан атаның таяғынан.

Диқан болсаң жеріңнің басында бол,
Сыпайы болсаң бегіңнің қасында бол.


Диқан егін туралы мақал мәтелдер егіншілік туралы мақал диқаншылық мақал мәтелдері

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау