Мал туралы мақал – мәтелдер | Qazbrand.info

Мал туралы мақал – мәтелдер

Артық мал ақы сұрамайды

Ағадағы мал – аспандағы мал,
Інідегі мал – іннің ішіндегі мал,
Баладағы мал – даладағы мал.

Ажарлы мал – базарлы.

Ай – айдың аты басқа,
Аяқты малдың өрісі басқа.

«Айдап салдан» аз өлер,
«Көре салдан» көп өлер.

«Айдап салдың» малы өспес,
«Ала келдің» жұмысы бітпес.


Мал туралы мақал мәтелдер мал жай

© Дереккөзі